Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ
Құрылтайда үш жылдық ел бюджеті қаралды. Депутаттар қаржылық құжатты алғашқы оқылымда мақұлдады. Басты мәселе – бюджет тапшылығын азайту. Үкімет мүшелері не ұсынды, құрылтайшылар қандай мәселеге мән берді?
АСТАН УЛАНДЫ
Алматыдағы ең беделді саналатын республикалық физика-математика мектебінің оқушылары жаппай астан уланды. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі білім ошағын тексеріп жатыр. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.
МАС «КАСКАДЁР»
Көкшетауда көлік бордюрге соғылып, бірнеше рет аударылды. Ал жүргізуші дін аман. Бір өлімнен қалған азамат машинаны мас күйде айдаған. Енді «каскадер» жеті жыл бойы темір тұлпар тізгіндей алмайды.
КАСПИЙ АЛАҢДАТАДЫ
Каспий тартылып барады. Теңіздің Қазақстан ауағындағы тұсында бірнеше жаңа арал пайда болған. Зерттеушілер оған қатты адлаңдаулы. «Өйткені бұл ғаламдық экологиялық апатқа әкелуі мүмкін», — дейді.
ASTANA MEDIA WEEK
Елордада Astana Media Week басталды. Елдің әр түкпірінен жиналған БАҚ майталмандары оқырман мен көрерменнің көңілінен шығып, сенімін ақтаудың амалын ойластырып жатыр. Бұл әсіресе жасанды интеллект дамыған тұста күрделеніп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.