Бестөбе шахтасында заңсыз алтын қазып жүрген екі адам қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде заңсыз алтын іздеген екі адамның өмірі қиылды.
«Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты «Новая» шахтасында орын алған қайғылы оқиға кезінде кен омырылып, 41 жастағы ер адам қалып қойып, қаза тапты. Ауыр жарақатпен кен астынан шығарылған екінші адамның жағдайы мүлде ауыр болды. Артынша, бүгін таңертең сол шахтадан тағы бір заңсыз алтын іздеушінің мүрдесі табылды. Кәсіпорын өкілдері бұл аумақтарда ешқандай жұмыс жүргізілмейтінін, заңсыз кірушілер жасырын жолдарды пайдаланатынын айтады.
Өкінішке қарай, бұл жыл басынан бері шахталарға заңсыз кірген 322 адам жауапқа тартылып, тоғыз адамның қаза тапқаны тіркеліп отыр. Сондықтан бұндай қауіпті әрекеттердің түбі қайғылы аяқталатынын әркімнің ескергені абзал.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал