Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Түркістан облысында көлік жүргізушілері жол үстінде қуғын жасады. Бірнеше көлік «Газельді» қуып, оның жүргізушісіне шабуыл жасаған. Жанталасқан жүргізушілердің әрекеті таспаға түсіп қалған. Оқиға ізімен полиция қылмыстық іс қозғады.
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Әлеуметтік желіде тараған кадрлар Шымкент қаласына жақын маңда орналасқан Бадам елді мекенінде түсірілген. Желідегі бейресми ақпаратқа сүйенсек, Газель жүргізушісі жеңіл көлікті соғып, оқиға орнынан бой тасаламақ болған. Дегенмен жәбірленуші тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінудің орнына, өздері қуа жөнеліп, шабуыл жасаған көрінеді. Ал Түркістан облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты күдікті үш адамның анықталып, ұсталғанын хабарлады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталуда. Полиция кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалардың заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді».
ГҮЛДАНА СЕЙДРАСУЛ, ТІЛШІ:
— Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталып жатыр. Қылмыстық істің қорытындысы бойынша олардың әрекетіне заң аясында баға беріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.