Қарағандыда мас күйінде жолаушылар автобусын тізгіндеген жүргізуші полициядан қашқан

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағандыда тағы бір көлік қуу оқиғасы болды. Полиция қызметкерлері мас күйінде жолаушылар автобусын тізгіндеп, қашпақ болған жүргізушінің соңына түсті.
Елестетіп көрсеңізші, қоғамдық көлікпен жолда ойқастап, жаяу жүргіншіні де өткізгісі келмеген. Сондай сорақылықтан кейін «тоқта» деген бұйрыққа да бағынбай, газды баса жөнелген. Әрине, тәртіп сақшылары қуғынға ұласып, оны бәрібір ұстады. 41 жастағы бұл «жүргізушінің» ішімдік ішіп алғаны расталды. Енді ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айрылуы мүмкін.
РИНАТ ӨСКЕМБЕК, ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ:
— Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезілді. Осыдан кейін ол дереу көлік басқарудан шеттетіліп, медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама қорытындысы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал