Республикалық физика-математика мектебінде астан уланған оқушылар саны 51-ге жетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде астан уланған оқушылар саны 51-ге жетті. Ауруханаға тағы үш бала жеткізілді. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлап отыр.
Өздеріңіз білетіндей, осы аптаның басынан бері бұл жағдай бәрімізді алаңдатып қойды. Тексеру барысында мектеп асханасында азық-түлікті сақтау талаптары бұзылғаны белгілі болған. Осыған байланысты мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылып, полиция қылмыстық іс қозғады. Оқу-ағарту министрлігі де мектептердегі тамақтану мен қауіпсіздікті бақылауды күшейтті. Ең бастысы, қазір балалардың жағдайы тұрақты.
ДИНАРА ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
«Алматыда уланып, ауруханаға түскен балалардың жағдайын білуге бардым. Барлығы – 43 ұл және 5 қыз. Жаңа ғана тағы үш бала жеткізілді. Олар Республикалық физика-математика мектеп интернатында тұрады, еліміздің әр өңірінен келген. Жағдайлары тұрақты».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал