БҚО-да кәсіпкер мемлекеттен бөлінген субсидияға өзіне үй салып алған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Батыс Қазақстанда бір кәсіпкер мемлекеттен бөлінген 251 миллион теңге субсидияға өзіне үй салып алғаны әшкереленді.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Агрокомплекс АРСЕН» және «ӨнегеАгроСервис» серіктестіктерін басқаратын азамат Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында су үнемдейтін жүйелер орнатуы тиіс болған. Алайда ол атқарылған жұмыстар бойынша жалған құжаттар ұсынып, бюджет қаржысын өз қажетіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Осы құжаттардың негізінде күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Соттың рұқсатымен аталған мүлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал