Ыстамбұлда алапат нөсерден екі адам қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Түркияның Ыстамбұл қаласында алапат нөсерден екі адам қаза тапты.
Оның біреуі – 14 жасар бала. Жасөспірімді су астында көрінбей жатқан тоқ ұрған. Ал екінші адам тайып жығылып, басын соғып алған.
Жалпы, қаланың 1300-ге жуық көшесіне су жайылды. Мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Мотоцикл қозғалысына шектеу қойылды. Нөсер салдары әлі түгел жойылған жоқ. Сондықтан Анталия, Измир және Бурса қалаларында қауіптің сары деңгейі жарияланды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал