Қазақстандықтарды жаңбырлы әрі суық ауа райы күтіп тұр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда күн суытып, күздің ызғары күшейе түседі. Алдағы күндері тұрғындарды жаңбырлы әрі суық ауа райы күтіп тұр. «Кей өңірлерде күн суытып қана қоймай, қыстың алғашқы белгілері байқалады», — дейді синоптиктер. Сондықтан мамандар жолға шығарда сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: — Алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар түрінде болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады, тек республиканың оратлығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 16-17 қазанға қараған түндері еліміздің оңтүстік-шығысында 1-2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал