Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде заңсыз алтын іздеген екі адам қаза тапты. «Қазақалтын» кәсіпорнына қарасты «Новая» шахтасында кен опырылып, үйінді астында 41 жастағы ер адам қалып қойған. Тағы бір адам аман-есен шығарылды, жағдайы ауыр. Бүгін таңертең дәл сол шахтадан тағы бір заңсыз алтын қазушының денесі табылды.
Кәсіпорын өкілдері айтқандай, бұл аумақтарда ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Көп адам жасырын жолдарды пайдаланады. Жыл басынан бері шахталарға заңсыз кірген 322 адам жауапқа тартылды. Тоғыз адам ажал құшқан.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.