Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің солтүстігінде жантүршігерлік жол апаты болып, 3 адам көз жұмды. Оқыс оқиға таңғы сағат сегіз шамасында республикалық маңызы бар «Петропавл – Астана» трассасында, яғни Кременчук ауылы маңында тіркелген.
Алдын ала болжам бойынша тұманның салдарынан Audi көлігі екі камаздың ортасында қысылып қалған. Салдарынан іштегі үш жолаушы алған жарақатына байланысты сол жерде жан тапсырды. Қазір полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындады. Айта кету керек, жеңіл көлікте Жамбыл ауданына қарасты Пресновка елді мекеніндегі балабақша директоры мен қызметкерлері болған. Білім басқармасындағылар бұл сапар жеке сипатта болғанын мәлімдеп отыр. Жүргізушімесі мен әйел адам ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, екіншісінің жағдайы өте ауыр. Оған операция жасалды.
ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— 20 жастағы жүргізушінің жағдайы тұрақты. Ол хирургиялық бөлімде ем-дом қабылдап жатыр. Толық медициналық көмек көрсетілуде. Екінші науқасқа келетін болсақ, әйел адам реанимацияда. Оның бас ми сүйегі жарақат алған, ми шайқалуы болған, сонымен қатар ішкі құрылысына біраз зақым келген. Сондықтан да қандай да бір болжам жасауға әлі ерте.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.