Түркістан облысында бірнеше көлік «Газельді» қуып, жүргізушісіне шабуыл жасаған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Түркістан облысында бірнеше көлік «Газельді» қуып, жүргізушісіне шабуыл жасаған. Жанталасқан жүргізушілердің әрекеті таспаға түсіп қалды. Оқиға ізімен полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиға Бадам елді мекенінде болған.
Бейресми ақпаратқа сүйенсек, Газель жүргізушісі жеңіл көлікті соғып, оқиға орнынан бой тасаламақ болған. Жәбірленушілер тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінудің орнына, өздері қуа жөнелген. Ал Түркістан облысының полиция департаменті, бұл оқиғаға қатысты үш күдікті анықталып, ұсталғанын хабарлады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде автокөлікке зақым келтіру және жолаушылардың біріне дене жарақатын салу деректері анықталуда. Полиция кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалардың заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал