Қарағандыда мас автобус жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағандыда көлік қуу оқиғасы болды. Тәртіп сақшылары ереже бұзушынының соңына түсті. Өйткені күдікті қоғамдық көлікпен жолда ойқастап, жаяу жүргіншіні өткізбеген. Ал патрульдің «тоқта» деген бұйрығына бағынбай, газды баса жөнелген. Бірақ көп ұзамай ұсталды. 41 жастағы автобус жүргізушісінің ішімдік ішкені расталды. Енді ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқынан айрылуы мүмкін.
РИНАТ ӨСКЕМБЕК, ПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ КОМАНДИРІ:
— Әңгімелесу барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезілді. Осыдан кейін ол дереу көлік басқарудан шеттетіліп, медициналық куәландыруға жіберілді. Сараптама қорытындысы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал