Рэпер Navai есірткі контрабандасы күдігімен ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жамбыл облысында есірткі контрабандасы күдігімен ұсталған шетелдік әнші екі айға қамауға алынды. Өнерде Navai лақап атымен танылған рэпер «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пунктінде тоқтатылған. Оны Қазақстанға кіру кезінде, полиция қызметкерлері шекара қызметімен бірлесіп ұстады. Оның үстінен «есірткі заттарының контрабандасы» және «оларды заңсыз иемдену» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Айта кетейік, кеше Астанада Navai-дің концерті өтуге тиіс болған. Осы оқиғадан кейін шара тоқтатылды. Ал ұйымдастырушылар билеттің ақшасы қайтарылатынын мәлімдеді.
ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Ол мініп келген автокөлікті тексеру барысында есірткі заты табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша есірткі заттарының контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартау шарасы қолданылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал