Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Семейде жаңа туған нәрестені тірідей қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған экс-полицейлерге қатысты сот үкімі шықты. Судья сәбидің әкесін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал анасы рақымшылыққа ілініп, сот залынан босатылды.
Оқиға биыл ақпанда болған. Бойжеткен үйдегі әжетханада босанған. Нәресте дәретхана тесігіне түсіп кеткен соң, ол жігітіне хабарласқан. Ер адам шақалақты сүлгіге орап, көшедегі қоқыс контейнеріне тастаған. Сәби аязда үсіп, көз жұмды.
НИЯЗ ХАСЕНБАЕВ, СУДЬЯ:
— ҚК 99-бап 3-бөлімі көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалсын. ҚК 46-бөлімі 5-ші бөлімі 4-тармағына сәйкес, сотталған Советқазы бас бостандығынан айыру жазасын ҚАЖ төтенше қауіпсіз мекемесінде өтелсін. ҚК 49-бабы 1-ші бөлімі қолданылып, Советқазы полиция аға лейтенанты шенінен айырылсын. Сотталған Советқазыға қолданылған күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.