Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде, астан уланған оқушылар саны 55-ке жетті. Барлығы 225 адам дәрігер бақылауына алынған. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады.
Аптаның басынан бері бұл жағдай көпшілікті алаңдатты. Тексеру барысында мектеп асханасында азық-түлікті сақтау талаптары бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Оқу-ағарту министрлігі де мектептердегі тамақтану мен қауіпсіздікті бақылауды күшейткен. Ең бастысы, қазір, балалардың жағдайы тұрақты.
ЕРЖАН СЕРАЛИН, ҚДСБ «БҚКЖАА» ДИРЕКТОРЫ:
— Барлық балаға медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Оларды емдеу үшін барлық қажет жағдай жасалған. Науқастар медицина мамандарының тұрақты бақылауында. Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты және динамикада нашарлау байқалмады. Реанимациялық шараларды қажет ететін жағдайлар тіркелген жоқ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.