Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында апатты үй көбейді. Әсіресе Маңғыстау ауылындағы баспаналардың қабырғасы сөгіліп, едені шөгіп кеткен. Жергілікті әкімдік жөндеу жұмыстарын жасап берейін десе, бюджеттен қолдау таппай отыр. Мысалы, 1988 жылдан бері бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген тұрғын үйде әлі адамдар тұрып жатыр. Бірақ сарапшылар оны апатты деп танымаған. Инвесторлар да жаңа үй салып беруге құлықты емес.
Жалпы, өңірде апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңғыртуға арналған «Реновация» бағдарламасы басталған. «Дегенмен дәл біз айтып отырған бұл үй бағдарламаға енбей отыр», — дейді тұрғындар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.