Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қонаевта «Вандализмге жол жоқ» акциясы өтті. «Әділет» партиясының жастары облыс орталығындағы тарихи ескерткіштердің аумағын тазалады. Шараға 20-дан астам белсенді жас қатысты. Олар Абай Құнанбайұлы, Бердібек Соқпақбаев және Жеңіс құрметіне орнатылған ескерткіш маңын қоқыстан тазартты. 50-ден астам граффити мен түрлі жазу өшіріліп, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қала жастары бұған дейін Көшпенділер қалашығы мен Тамғалы тас петроглифтер кешенінде тазалық жұмыстарын жүргізген болатын.
АСЛАН КӨБЕНТАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ФБ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біздің ойымызша, бұл қоғамдық орындар мен мәдени мұраларды, ескерткіштерді таза ұстау тек әкімшіліктің не болмаса коммуналдық қызметкерлердің қызметі емес, сондай-ақ баршаға ортақ міндет. Біз алдағы уақытта әкімшілік қызмектерлерімен, мекемелермен осындай ескерткіштердің маңында бейнебақылау орнату және қоқыс жәшіктерінің санын көбейту бойынша жұмыстар жүргіземіз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.