Петропавл жылу электр орталығында ескі түтін мұржасы бұзылады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Петропавл жылу электр орталығында тағы бір түтін мұржасы бұзылады. Бөлшектеу жұмыстары келер жылы басталуы мүмкін. Энергетиктер осындай шешім қабылдап отыр. Себебі биіктігі 150 метр болатын мұржа ескірген.
Еске салайық, 2022 жылы стратегиялық нысанда осындай мұржалардың бірі опырылып, бір адам үйінді астанда мерт болған еді. Жалпы, биыл жылу электр орталығын жаңғыртуға 21 млрд-тан астам теңге инвестиция бағытталды. 12 қазандықтың оны маңызды науқанға дайын. Жауапты мамандардың айтуынша, қақаған аязда қаланы жылумен қамтуға 7 қазандық жеткілікті.
АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, КӘСІПОРЫННЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Техникалық тексеру жүргізілді. Оның қорытындысына сәйкес, түтін мұржасын 2029 жылға дейін пайдалануға болады. Бірақ біз белгіленген мерзімді күтпейміз. Қазір қазандық пен агрегаттарды қалған екеуіне ауыстырамыз. Өйткені №1 мұржа бастапқыда станциядағы барлық жүктемені қабылдай алатындай етіп тұрғызылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал