Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте бірден үш Шахмат үйі ашылды. Жаңа нысандар Абай атындағы саябақта, Металлургтер саябағында және 17-шағын аудандағы жаяу жүргіншілер аллеясында бой көтерді.
Енді мұнда шахмат әуесқойлары ойнап қана қоймай, жаттықтырушылармен дайындалып, түрлі турнирлерге қатыса алады. Басты мақсат – шахматты халыққа барынша қолжетімді ету.
Нысандардың ашылу рәсіміне Халықаралық шахмат федерациясы мен KazChess президенті Тимур Турлов және Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Құрылысқа Freedom Holding Corp. «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры арқылы демеушілік жасады. Ал нысандар толық пайдалануға берілген соң, Freedom Telecom ғимараттарды интернетпен қамтамасыз етеді. Бүгін осы шахмат үйлерінде SHYMKENT CHESS HOUSE BLITZ Challenger 2026 балалар блиц-турнирі басталды. Жарысқа 100 бала қатысып жатыр.
ТИМУР ТУРЛОВ, FIDE ЖӘНЕ KAZCHESS ПРЕЗИДЕНТІ:
— Бұл шахмат ойынының беделін арттырып, оған қызығушылық танытатындардың санын көбейтетіні сөзсіз. Мен осы кеңістіктердің қала инфрақұрылымына, заманауи шаһардың жаңа келбетіне өте үйлесімді енгізілгенінің арқасында Шымкентте мыңдаған баланың, жалпы еліміз бойынша көптеген жас өреннің шахмат клубтарына келуіне жол ашылады деп сенемін. Шын мәнінде, бұл – үлкен шабыт. Мұндай бастаманы елімізде ғана емес, қазір бүкіл әлем бойынша дамыту қажет деп санаймыз. Сондықтан Халықаралық шахмат федерациясымен бірлесіп, еліміздің басқа да қалаларында осындай инфрақұрылымның пайда болуы үшін жұмыс істейміз.
ГҮЛМИРА ДӘУЛЕТОВА, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
— Шымкентте үш Шахмат үйі бір мезетте ашылып жатыр. Мұндай оқиға ешқандай қалада болған жоқ еді. Абай паркіндегі Шахмат үйі 120 балаға дейін қамтиды, ал 17 шағын аудан мен Металлургтер паркіндегі 50-ге жуық балаларды қамтиды. Яғни үш үйді қоса алғанда, 220-ға жуық баланы қамтиды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.