Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
АЛТЫН «ЖҰТТЫ»
Ақмола облысында екі адам алтын қазып жүріп көз жұмды. Бестөбе кентіндегі қайғылы оқиға жергілікті шахтаның жұмыс жүргізілмейтін аумағында болған. Полицияның хабарлауынша, ажал құшқан екі адам да жасырын әрекет еткен. Яғни заңсыз алтын іздеушілер.
ГАЗЕЛЬ «ҚУУ»
Түркістан облысында жол үстінде шытырман оқиға болды. Бірнеше көлік Газельді қуып, оның жүргізушісіне шабуыл жасаған. Жан алысып, жан беріскен сәтті бөгде біреу таспаға түсіріп алған. Сонымен бұл қуғынға не себеп? Оқиға ізімен полиция қылмыстық іс қозғады.
ОБАЛЫ КІМГЕ?
Сәбидің жазығы не, обалы кімде? Семейде жаңа туған нәрестені қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен сұмдық жағдай бойынша сот отырысы аяқталды. Бүгін үкім кесілді. Өз баласын өзекке тепкен ана қанша жылға сотталды? Ал ауыр азапты арқалауға не түрткі болды?
ҚОРЛЫҚҚА КӨНГЕН
Елордадағы ерекше балаларға қамқорлық көрсетіп, қоғамға бейімдеуге тиіс балабақша ата-аналардың үрейін тудырды. Телефонға түсірілген зорлық-зомбылықты мекеме қызметкерлері бір жыл бойы жасырған. Тағы қанша бала қорлыққа үнсіз көніп келді?
НӨСЕР ҚАУПІ
Ыстамбұлда нөсер соңы алапат тасқынға ұласты. Алып қаланың мыңнан астам көшесіне су жайылып, екі адам табиғи апат құрбаны болды. Осыдан кейін Анталия, Измир және Бурса қалаларында қауіптің сары деңгейі жарияланды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.