Қызылордада ер адам балалы келіншекті көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қызылордада 5 айлық сәбиі мен анасын көлікпен қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды. Оқиға қаланың «Шанхай» мөлтек ауданында болған. Бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеодан келіншектің қоларбадағы баласымен жол жиегінде кетіп бара жатқаны көрінеді. Көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіген көлік оларды ұшырып жіберген. Басынан алған ауыр жарақаттан нәресте шетінеп кетті. Ал 26 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде жатыр.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы және оқиға орнынан кетіп қалу деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қызылорда облысының Полиция департаменті оның жүрген жерін анықтау және ұстау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қалаға кіре беріс жолдарда бақылау күшейтілді».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал