Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысындағы Шалқар өндірістік учаскесінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының екі қызметкері күйіп қалды. Олар бензинді бір ыдыстан екіншісіне құйып жатқан кезде кенеттен өрт шыққан. Әзір оттың неден тұтанғаны белгісіз. Зардап шеккен ер адам санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Екінші жұмысшының да жағдайы өте ауыр. Денесінің шамамен 80 проценті күйіп қалған. Аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан науқасты қазір қалаға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал оқыс оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ МАГИСТРАЛЬДЫҚ ЖЕЛІ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
«Жұмыс ауысымы басталар алдында қызметкерлер еңбек бойынша күнделікті нұсқамадан өткен. Оқиға салдарынан екі жұмысшыны да түрлі дәрежеде термиялық күйік шалды. Зардап шеккендерге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін Шалқар қаласының аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік еңбек инспекциясының қатысуымен тексеріліп жатыр».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.