Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанада науқастарға тегін берілуі тиіс дәрі-дәрмектер дәріханаларда заңсыз сатылып келген. Мемлекет халыққа тегін үлестірілсін деп миллиондап қаржы бөлсе, біреулер оны оңай олжаға айналдырыпты.
Цифрлық таңбалау жүйесінің арқасында соңғы екі жылда 27 мыңнан астам қаптама тегін дәрінің заңсыз сатылғаны белгілі болды. Фармация комитетінің мәліметінше, 64 дәріхана осындай заңбұзушылыққа барған, олардың иелері 21 миллион теңге айыппұл төледі. Сондай-ақ 47 емхана тексеріліп, тегін дәрі беру ережесін бұзған 12 қызметкерге қатысты 4 миллион теңгеге хаттама толтырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.