«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында мақсатты жинақ төленді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2024 жылдың 1 ақпанынан 2026 жылдың 1 қазанына дейін 407 мыңнан астам қазақстандыққа мақсатты жинақ төленді.
Жалпы төлем көлемі 88 миллион 860 мың АҚШ долларынан асты. Қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл мақсатқа 267 986 адам 58 миллион 290 мың доллар алған. Ал 139 мыңнан астам азаматтың білім алу ақысын төлеуіне 30 миллион 570 мың доллар аударылды. Биылғы жылдың басынан бері 211 748 қазақстандыққа 57 миллион 590 мың доллар төленген. Оның 38 миллион 860 мың доллардан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал 18 миллион 730 мың доллары білім алуға жұмсалған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал