Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванға барды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ереванға барды. Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттер басшыларымен бірге Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған «Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар» саммитінің ашылу салтанатын тамашалады. Іс-шара аясында мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау сияқты жаһандық мәні зор тақырыпқа арналған көрнекті интерактивті шоу көрсетілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал