Астанада жүзуден World Aquatics Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада жүзуден World Aquatics Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр. Дүбірлі дода «Барыс Аренадағы» 25 метрлік бассейнде ұйымдастырылған.
Бұл – бұған дейін Баку мен Ташкентте жалауы желбіреген Silk Road Tour халықаралық сериясының қорытынды әрі шешуші кезеңі. Дүниежүзілік додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар, Олимпиада чемпиондары мен әлем біріншілігінің жүлдегерлері бақ сынауда.
Ал Қазақстан намысын бұл кезеңде ұлттық құраманың 22 спортшысы қорғап жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде отандық 17 жүзуші іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Айта кетейік, Астана төріндегі дүниежүзілік тартыс 3 күнге созылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал