Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ҚАШЫП КЕТТІ
Қызылордада ер адам балалы келіншекті көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытты. Сәби шетінеді, анасының жағдайы ауыр.
КҮЙІК ШАЛДЫ
Ақтөбеде бензин құятын цистернаны тазартып жатқан екі жұмысшы күйіп қалды. Олар – Қазақстан темір жолы компаниясының өкілдері.
АУАНЫ ЛАСТАҒАН
Өскемендік экологтар «Казцинктің» ауаны ластағанын дәлелдеді. Тексеріс барысында газ тазалайтын қондырғыда ақау бары анықталды.
МЕКТЕПТЕГІ АТЫС
16 жасар жасөспірім бастауыш мектепте үш оқушы мен мұғалімді атып өлтірді. Тағы бір бала мен ұстаз ауыр жарақат алған. Оқиға АҚШ-та болды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.