Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Сүйінші! «Жетінші арна» «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығын ұтып алды. Жарты сағат бұрын еліміздің үздік БАҚ өкілдерін дәстүрлі марапаттау салтанаты басталды. Олардың қатарында біздің «Жетінші арнаның» ұжымы да бар. Арнамыздың жүргізушілері Оксана Петерс, Алмас Әшім, Мадина Алмолдина және Альфия Хайдарова жүлдені алу үшін сахнаға шықты.
«Жетінші арнаның» жаңалықтар бағдарламасы «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының қысқа тізіміне енген болатын. Үмітіміз ақталды! «Тұмар» — бізде! Біздің жаңалықтарымыз «Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Qazaqstan Media Awards 2026 жобасында жүлдеге ие болған әріптестерімді құттықтаймын. Сәлден соң тілшіміз Сырнай Жанатхан жеңімпаздардың көңіл күйімен бөлісу үшін тікелей эфирге шығады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.