Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қызылордада 5 айлық сәбиі мен анасын көлікпен қағып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды. Оқиға қаланың «Шанхай» мөлтек ауданында болған. Бейнебақылау камерасына жазылып қалған видеодан келіншектің қоларбадағы баласымен жол жиегінде кетіп бара жатқаны көрінеді. Көз ілеспес жылдамдықпен жүйткіген көлік оларды ұшырып жіберген. Басынан алған ауыр жарақаттан нәресте шетінеп кетті. Ал 26 жастағы келіншек жансақтау бөлімінде жатыр.
ӘСЕТ ЖАЛМАҒАНБЕТОВ, КОА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бас сүйектерінің ашық жарақаты, бас миының орташа дәрежеде соғылуы, шүйде сүйектерінің сынығы, сол кеуде сүйектерінің 5, 3, 4 қабырғаның және бұғананың жабығы қысқан сынығы, жамбас сүйектерінің жабығы қысқан сынығы, екі аяқ тобықтарының ығысбаған жабық сынығы диагнозымен жатқызылды. Жағдайы тұрақты ауыр күйде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.