Алматыда ересек балалар жасы кішілерге әлімжеттік жасаған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда ересек балалар жасы кішілерге әлімжеттік жасаған. Олар бір ай бойы жас балаларды ұрып-соғып, балағаттап, бір-бірімен төбелесуге мәжбүрлеген. Қорлық көргендердің кішісі 11 жаста. Бұл оқиға зардап шеккен баланың бірінің анасы бейнежазба таратқаннан кейін әшкере болды. Тіпті ересектер шикі балықты жасөспірімдердің аузы мен құлағына тыққан. Әйелдің айтуынша, мұның бәрі Тастақтағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Ата-аналар полицияға жүгінді. Құқық қорғау органдары мән-жайды анықтап жатыр.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Алматы қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде жарияланған жасөспірімдердің кәмелетке толмаған балаға қатысты заңсыз әрекеттері туралы өтініш бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлайды. Тексеру барысында оқиғаға қатысушылар анықталды. Кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Материалдар Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясында қаралды. Қарау нәтижесі бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал