Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысындағы Шалқар өндірістік учаскесінде «Қазақстан темір жолы» компаниясының екі қызметкері күйіп қалды. Олар бензинді бір ыдыстан екіншісіне құйып жатқан кезде кенеттен өрт шыққан. Әзір оттың неден тұтанғаны белгісіз.
Зардап шеккен ер адам санавиациямен облыс орталығына жеткізілді. Екінші жұмысшының да жағдайы өте ауыр. Денесінің шамамен 80 проценті күйіп қалған. Аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан науқасты қазір қалаға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Ал оқыс оқиғаның нақты себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды.
НҰРЛАН ӘБІШЕВ, КОМБУСТИОЛОГ ДӘРІГЕР:
— Денесінің 40 пайызын күйік шалған науқасты бөлімшеге ауыстырдық. Реанимация бөлімшесінде қазір ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр және тұрақты. Екінші науқас 80 пайыз күйік жарақатын алған, әзірше Шалқардың орталық ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Бүгін санавиация сол жаққа ұшу керек. Жағдайы тұрақталса, ол науқасты да бізге жеткізеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.