Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қостанай облысында бруцеллез жұқтырған сиырды сойдыру үшін фермерді сотқа беруге тура келген. Қауіпті инфекция Денисов ауданындағы шаруа қожалығынан анықталған. Бірақ қожалық иесі ауру малды сою туралы талапты орындамай, табында қалдырған. Ақыры, ветеринарлар сотқа жүгінуге мәжбүр болды.
Мамандардың айтуынша, ауру мал өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндірген. Ал фермер зерттеу нәтижелерін жоққа шығаратын дәлел-дәйек пен басқа зертхананың қорытындысын да ұсынбаған. Сот ветеринарлардың талап арызын қанағаттандырды.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ МАЭС:
«Шаруа қожалығының иесі ветеринарлық-санитарлық инспектор берген нұсқаманы мерзімде орындамаған. Сот шешімімен фермер ауру малды санитарлық союға жіберіп, мал бордақылау алаңдарын залалсыздандыруға міндетті».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.