Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері аумақтарды абаттандыру ережелерін бұзудың 7 мыңнан астам дерегін анықтады. Қоғамдық орындарды ластау дерегі бейнебақылау камераларының көмегімен байқалған.
Атап айтқанда, Өскеменде контейнер алаңдарына құрылыс қалдықтарын тастау, вандализм фактілері жиілеген. Енді тәртіп бұзушылар 32 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлейді. Өңірде цифрлық бақылау да күшейтіліп жатыр. Қалалар мен аудандарда 6 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардан алынған мәліметтер талдау орталығына жөнелтілоіп, сарапталады.
АЙДОС ДӘУЛЕТХАНОВ, ЦАБ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Көріп тұрғандарыңыздай, алдымызда ақпараттық жүйе тұр. Мұнда бүгінгі күні қанша қоқыс шығарылғаны, қаншасы әлі шығарылуы керектігі және белгіленген мерзімдердің қанша рет бұзылғаны көрсетіледі. Осындай ақпараттық жүйелердің көмегімен біз мұндай жағдайларды анықтадық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.