Мемлекеттік жәрдемақы: кімдерге және қандай тәртіппен беріледі?

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекеттік әлеуметтік көмек кімдерге және қандай тәртіппен тағайындалады? Енді отбасылардың әл-ауқаты арнайы санаттар бойынша бағаланып, төлемдерді бөлу кезінде олардың нақты жағдайы ескеріледі. Ал 2027 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақының бірқатар түріне мұқтаждық қағидаты енгізіледі. Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді және қандай төлемдерді қамтиды?
Отбасының әл-ауқаты жан басына шаққандағы табыс деңгейіне қарай бес санатқа бөлінеді. А санатына табысы 355 мың теңгеден жоғары ауқатты отбасылар жатса, В санатында бұл көрсеткіш 305 мыңнан 355 мың теңгеге дейін. С санаты – негізгі қажеттіліктерін өтей алатын орташа табысты отбасылар. Ал D санатында жан басына шаққандағы табыс шамамен 100 мың теңгеге дейін төмендейді. Е санатына табысы кедейлік шегінен төмен, мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасылар кіреді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал