Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысында жалғасып жатыр. Белсенділер Жидебай қорығына тұрақтады. Олар тарихи мекеннің аумағын қоқыстан тазартып, қабырғалардағы жазуларды өшірді. Ауқымды шараны «Әділет» партиясының жастар қанаты «Вандализмге жол жоқ!» республикалық акциясы аясында ұйымдастырды. Басты мақсат – өскелең ұрпақты тарихи ескерткіштерді сақтауға, табиғатты аялауға үндеу және мәдени мұраға деген жауапкершілікті арттыру. Жалпы, бұл эстафетаға 5 мыңға жуық жас белсенді мен ерікті қатысып жатыр. Олар төрт күн ішінде 1 800 шақырым жолды еңсеріп, бірнеше өңірдегі 10 аудан мен 59 ауылды қамтымақ. Енді жастар көршілес орналасқан Шығыс Қазақстан обьлысына ат басын бұрады.
ТЕМІРЛАН БАҚТИЯРОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ОЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
— Абай ауданындағы Жидебай қорығында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сонымен қатар эко-активити болады. Бұл жобалардың барлығы «Road фест» акциясының аясында өткізілуде, Қарауыл тұрғындары да акцияға қатысып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.