Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Экологтар «Қазмырыштың» ауаны ластағанын дәлелдеді. Бұл тексеріске өскемендіктердің тоқтаусыз түскен арыз-шағымдары себеп болған еді.
Расымен де, зертханалық сараптама зауыттан бөлінген улы заттардың мөлшері шекті нормадан әлдеқайда асып кеткенін көрсетіп берді. Белгілі болғандай, зауыттағы газ тазартатын қондырғылар дұрыс жұмыс істемей, өндірістік газ ауаға тазартылмай тараған. Компания бұған дейін де тура осындай заңбұзушылық үшін 20 миллион теңге айыппұл төлеген. Бірақ көріп отырғанымыздай, одан ешқандай қорытынды шығарылмаған сияқты.
МЕРУЕРТ РИЗАБЕКОВА, ШҚО ЭД БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Мұндай фактілер шығатын газдардың тиісті деңгейде тазартылмайтынын көрсетеді. Осы заңбұзушылықтар үшін кәсіпорын бір жыл ішінде екінші рет жауапкершілікке тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Қазір табиғатты қорғау шараларының жоспары әзірленіп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.