ТҰМАР – 2026: «Жетінші арна» жаңалықтары – «Үздік ақпараттық бағдарлама» жеңімпазы

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің ең үздік БАҚ майталмандарын дәстүрлі марапаттау салтанаты басталды. Оның ішінде «Жетінші арнаның» ұжымы бар. Арнамыздың жүргізушілері Оксана Петерс, Алмас Әшім, Мадина Алмолдина және Альфия Хайдарова сахнаға шықты. «Жетінші арнаның» жаңалықтар бағдарламасы «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығының шорт-парағына ілінген болатын. Осы үкілі үміт ақталды. «Тұмар» бізде. Сонымен, Qazaqstan media awards 2026 жобасында жүлдеге ие болған әріптестерімді тағы бір құттықтағым келеді.
СЫРНАЙ ЖАНАТХАН, ТІЛШІ:
— Дәл қазір мен Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайындамын. Мұнда Qazaqstan Media Awards аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық медиа сыйлықтарын табыстау рәсімі өтіп жатыр. Биыл екі сыйлық алғаш рет бір жерде, бір мезетте табысталмақ. Бұған дейін марапаттау рәсімдері Қазмедиа орталығында бөлек өтетін. Байқауға 12 аталым бойынша 600-ден астам өтінім түскен. Кәсіби сайысқа телевизия, баспасөз, интернет және радио саласындағы үздік журналистік жұмыстар ұсынылды. Сонымен қатар биыл алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» атты номинация енгізілді.
«Жетінші арнаның» жаңалықтар бағдарламасы «Үздік ақпараттық бағдарлама» атанып, ұлттық медиа сыйлыққа ие болды. Бұл – біз үшін зор қуаныш! Осы сәтті пайдаланып, барша әріптесімді шын жүректен құттықтағым келеді. Құтты болсын!
Бұл марапат – көрерменге сапалы ақпарат жеткізу жолында күн сайын еңбек етіп жүрген бүкіл ұжымның ортақ жетістігі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал