Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ІЗДЕУ ЖАРИЯЛАНДЫ
Қызылордада ер адам балалы келіншекті көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытты. Сәби шетінеп кетті, ал анасының жағдайы ауыр. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны қолға түсіруге тырысып жатыр. Қаланың қақ ортасында болған оқиғаны ешкім көрмеген бе?
ӘЛІМЖЕТТІК ОШАҒЫ
Алматыда жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші балаларға бір ай бойы әлімжеттік жасаған. Ұрып-соғу әрекеттерін бейтаспаға түсіріп отырған. Қазір қорлық көрген балалар қорғауға алынып, қол жұмсағандарды жазалау жағы қарастырылып жатыр.
КҮЙІК ШАЛДЫ
Ақтөбеде бензинді бөтен ыдысқа құйып жатқан екі жұмысшы күйіп қалды. Ортада оқыстан от шыққан. Қазақстан теміржолы компаниясының өкілдері жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың тірі қалуы екіталай. Өндіріс ошағында еңбек қауіпсіздігі сақталмаған ба?
ҚЫҢЫР ШАРУА
Қостанай облысында бруцеллёз жұқтырған сиырды сойғысы келмеген шаруаны сотқа берді. Ол ветеринарлардың ескертуін елемей, ауру малды табында қалдырған. Айналаға қауіп төндірген фермерді қандай жаза күтіп тұр? Ал ауру ошағы залалсыздандырылды ма?
ҮКІЛІ ҮМІТ
Astana Media Week аясында еліміздің БАҚ майталмандары марапатталып жатыр. Жыл сайын берілетін «Тұмар» сыйлығына «Жетінші арнаның» жаңалықтар бағдарламасы да ұсынылған. Үміт бар. Өйткені ұжым туындысы үміткерлер тізіміне енген. Сонымен кім үздік?
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.