Алматы – Өскемен тасжолында жолаушылар автобусы жүк көлігіне соқтығысты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Жетісу облысындағы жан түршігерлік жол апаты. Алматы – Өскемен автожолының 143-шақырымында жолаушы тасымалдаған шағын автобус жүк көлігіне соқтығысты. Жолаушылардың екеуі сол мезетте қаза тапты. 11 адам ауруханаға жеткізілді. Үш пациент хирургия бөліміне жатқызылды. Бесеуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қалған үшеуіне амбулаториялық ем тағайындалып, медициналық бақылау ұсынылды. Қазір полиция автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Елді шошытқан жол апатының нақты себебі неде? Рөлдегі азамат қамалды. Ал полиция бұл трагедияның мән-жайын анықтауға кірісті.
ЖАНАР ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол жағдайына сәйкес қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, көлік құралдары арасындағы қашықтықты сақтауға және рөлде барынша мұқият болуға шақырады».
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал