Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыда төрт көлік бірінен соң бірі соқтығысып, бес адам зардап шекті. Жаппай жол апаты Сүйінбай даңғылында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Әуелі BMW көлігіне соғылып, артынша Changan көлігімен де соқтығысқан. Қытай көлігі аударылып қалған.
Жол апатынан Hyundai мен BMW жүргізушілері, сондай-ақ екі бала зардап шеккен. Бұдан бөлек, көлік астына түсе жаздаған жаяу жүргінші де жарақат алған болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себебін полиция анықтап жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.