Сәтбаевта бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Сәтбаев қаласында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төтенше жағдайлар қызметкерлері 14 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.
Өрт Ұлытау көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар барлау жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды үйден эвакуациялауға кіріскен. Жалаңдаған қызыл жалынмен арпалысқан өрт сөндірушілер 14 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Оның 8-і – бала. Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шыққан. Жануардың демалысы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді. Өрт кешікпей сөндірілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал