Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ресейде маймыл шешегіне күдікпен бір азамат ауруханаға жатқызылған. Көршілес елден осындай ақпарат тарасымен біздің елде де сақтық шаралары қолға алынды.
Маймыл шешегі – адамға жануарлардан жұғатын жұқпалы ауру. Сондай-ақ бұл инфекция адамнан адамға берілуі мүмкін. Алғаш рет індет 1958 жылы зертханалық маймылдар колониясында, ал адамда 1970 жылы анықталды. Негізінен, Орталық және Батыс Африка елдерінде кездеседі. 2022 жылғы мамырда маймыл шешегі эндемиялық емес бірнеше елде анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүгінге дейін шешек ауруының бұл түрі әлемнің 75 елінде анықталған, 16 мыңнан астам жұқтырған және 5 адам қайтыс болған. Сондықтан сақтықта қорлық жоқ. Қазір мемлекеттік шекарадағы өткізу бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:
«Әлемнің жекелеген елдерінде ауру жағдайларының тіркелуіне және халықаралық көлік қатынасының белсенділігіне байланысты инфекцияның Қазақстан аумағына әкеліну қаупі жоққа шығарылмайды. Сонымен қатар қоздырғыштың берілу ерекшеліктерін ескере отырып, ел тұрғындары арасында маймыл шешегінің кеңінен таралу қаупі төмен деп бағаланады».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.