Канадада әскери базадағы өрттен 4 әскери қызметкер қаза тапты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Канаданың Альберта провинциясындағы Уэйнрайт әскери базасында оқу-жаттығу кезінде өрт шықты. Салдарынан төрт әскери қызметкер қаза тауып, 39 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың 19-ның жағдайы ауыр. Оқиға кезінде 85 әскери қызметші жауынгерлік дайындықтан өтіп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери полигондағы құрғақ шөп тұтанып, қатты желдің салдарынан жалын жылдам тараған. Желдің жылдамдығы сағатына 96 шақырымға дейін жеткен. Канада премьер-министрі Марк Карни қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал