Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Франциядағы наразылық шаралары кезінде шамамен 2,5 мың адам ұсталды. Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 900-ден астам жандармерия қызметкері жарақат алды.
Күш құрылымдарының хабарлауынша, саяси акцияға қатысушылардың саны жарты миллионнан асып кетті. Әлеуметтік желіде таралған жазбадан наразылық білдірушілердің дүкендерді тонап, вандализммен айналысып жатқанын көруге болады. Сенбіден бері бүкіл Франция бойынша шамамен 1500 дүкен тоналған. Олардың арасында әлемге әйгілі бренд бутиктері де бар.
Франция президенті Эммануэль Макрон ұлтқа үндеу жасады. Француз көшбасшысы өз сөзінде жаппай тәртіпсіздіктерді айыптап, дүкендер мен қоғамдық ғимараттарды тонау мен қарақшылыққа ешқандай ақтау жоқ екенін мәлімдеді.
Еске салайық, жаппай тәртіпсіздікке ұласқан толқулар биліктің әлеуметтік саясатына көңілі толмаушылықтан басталған болатын. Макрон ел үкіметі халықпен диалог орнатып, экономикалық мәселелердің шешімін іздейтінін айтты. Сондай-ақ президент азаматтық бағынбау акциялары кезінде орын алған зорлық-зомбылықты қатаң айыптады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.