Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Үндістанда жүк көлігі ғибадатхана маңындағы бір топ адамды жоғары жылдамдықпен қағып өтті. 15 адам қаза тапты.
Жергілікті полицияның мәліметінше, апат түнде болған. Күріш тиеген көлік полицияның қоршауын бұзып, дін өкілдерін қағып, ғибадатхананың қабырғасына соғылған. Бұл учаскеде жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынған. Алайда жүк көлігінің діни мерекеге жиналған халықтың арасына қалайша тап болғаны белгісіз.
Жалпы, ауруханаларға 39 адам жеткізілді. Қазір билік жүк көлігінің фестиваль қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылған кедергілерден қалай өткенін анықтап жатыр. Тергеу бұл трагедияға не себеп болғанын және оған кім жауапты екенін анықтауы тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.