Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Камера түсіріп тұр. Қуыс-қуысқа қойылған қырағы объективтегі жазылған бейне арқылы Алматы облысында мыңға жуық қылмыстың беті ашылды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда үш есе көп.
Өңірде тоғыз мыңнан астам бейнекамера жұмыс істеп тұр. Олар қала көшелері мен шалғай елді мекендерге де орнатылған. Қажет сәтте камераға түскен бейнежазба қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектеседі. Өткен сегіз айда өңірдегі жалпы қылмыс деңгейі 6 пайызға төмендеді. Атап айтар болсақ, көше қылмыс 15 пайызға, ал қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылық 20 пайызға азайған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.