Алматыда тұрғын үйлердің іргесінен қару-жарақ қоймасы табылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда тұрғын үйлердің іргесінен қару-жарақ қоймасы табылды. Қапшыққа салынған мылтық, тапанша, оқ-дәрі, бірнеше граната — мұның бәрі Медеу ауданындағы Астрахан көшесінің бойында тал түбінде жатқан. Полицейлер қару-жарақ жасырылған орынды «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықтады. ТОЗ-25 маркалы тегіс ұңғылы мылтық кесіліп, шолақ мылтыққа айналдырылған. Бұған қоса, тапаншаға ұқсас зат, түрлі калибрдегі оқ-дәрілер мен жарық-дыбыс гранаталары тәркіленді. Мұндай арсеналдың тұрғын үйлердің маңында қайдан жатқаны белгісіз. Полиция қылмыстық іс қозғады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Тәркіленген заттар тиісті зерттеуге жіберілді. Полиция қарудың қайдан келгенін, қалай сақталғанын және оған кімдердің қатысы болуы мүмкін екенін анықтап жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал