Заңсыз несие берген ломбардтың ісі сотқа жетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

21 пәтер, 7 көлік, 2 дүкен, тіпті қонақүй. Алматы облысында заңсыз несие таратқан «Альби» ломбард желісіне қатысты қылмыстық іс сотқа жетті.
Тергеу дерегінше, компания халыққа қарызды күніне 2 пайыз үстемемен беріп, 146 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ломбардтың микрокредит беруге рұқсаты болмаған. Соған қарамастан, компания атауын өзгертіп, Алматы мен Түркістан облыстарында жұмысын жалғастыра берген. Клиенттерді тарту үшін алтын бұйымдарды жоғары бағалайтынын айтып, несие тарихына әсер етпейтінін жарнамалаған. Ал күндік 2 пайыздық үстеме заңда белгіленген шекті мөлшерден алты еседен де жоғары.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қылмыстық жолмен түскен табыс 146 млн теңгеден асқан. Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Соттың рұқсатымен оның мүлкіне, атап айтқанда, 21 пәтеріне, 5 жер теліміне, 7 автокөлігіне, 7 гаражына, 2 дүкені мен қонақүйіне тыйым салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал