Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан аспанында апат дабылын берген жолаушылар ұшағы Ресейдің Омбы қаласына шұғыл қонды. S7 әуе компаниясының Новосібірден Махачкалаға бағыт алған лайнері Көкшетау маңында бағытын өзгерткен. Әуе компаниясының хабарлауынша, бұған техникалық ақау себеп. Ұшақ бортында 176 жолаушы болған. Лайнер Омбы әуежайына аман-есен қонды. Қонған бойда ұшаққа өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін әуе компаниясы қосалқы ұшақ жолдаған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.