Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы көлік кептелісін азайту үшін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды. Бұған дейін кейбір жүк көліктері өткізу пунктінде бірнеше апта бойы кезек күткен. Енді көлік ағынының бір бөлігін «Қорғас» арқылы өткізіп, кедендік рәсім жеделдетіліп жатыр. Жаңа жүйе шекарадағы жүктемені қаншалықты азайтпақ?
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы жүк тасымалын жеңілдету үшін жаңа логистикалық модель енгізіліп жатыр. Бұған дейін көлік ағыны күрт артып, кейбір жүргізушілер «Нұр Жолы» өткізу пунктінде 35 күннен аса кезекте тұрған. Енді жүк көліктерінің бір бөлігі балама бағытқа жіберіліп, шекарадағы қозғалысты реттеу жұмыстары қолға алынды.
ЕРЖАН ӘЗІМБЕКОВ, «ҚОРҒАС» ХШЫО КЕДЕН БЕКЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ол өз кезегінде көлік құралдарының қозғалысын реттеуге және шекарадағы кепелісті азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар көлік ағынын тиімді ұйымдастыру және кедендік рәсімдерді уақытылы жүргізу мақсатында «ҚОРҒАС» ХШЫО кеден бекеті тәулік бойы, яғни 24 сағат жұмыс режиміне көшті. Қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – өткізу бекеттерінің жұмысын тиімді арттыру, көлік қозғалысын үздіксіз қаматмасыз ету және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қолайлы жағдай жасау.
Биыл қаңтар-тамыз айларында «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы 197 мыңнан астам көлік өткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5 пайызға көп. Жүктемені азайту үшін Қазақстан мен Қытайдың уәкілетті органдары мамыр айынан бастап бірлесіп жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, көлік ағынының бір бөлігін «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы арқылы өткізу туралы шешім қабылданды. Қытай тарапы қыркүйектің 17-сінен бастап жаңа бағытты пилоттық режимде іске қосты.
СЕРІК ДАЙЫРБАЙ, «ҚОРҒАС» ХШЫО ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
— Бұрын паспорттық бақылауда бір адамға 1 минут уақыт кететін. Ал қазіргі бір адамға 10-нан 15 секундқа дейін уақыт жұмсаймыз.
Қазанның 7-сі мен 11-і аралығында 3 мыңнан астам көлік жаңа бағытқа қайта бағдарланып, тәулігіне 1100-ден астам көлік осы жолмен өткен. Жүйе толық іске қосылғанда, өткізу пунктінің жұмысын 30 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл шекарадағы жүктемені азайтып, жүк тасымалын жеделдетуге мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.